F16.KZ
Жарияланды: 13:30, 30 май 2025
Жаналықтар / Басты

Үлкен Нарын Шығыстың жаңа туристік бағытына айнала ма?

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында емдік-сауықтыру, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Атап айтқанда, Приморск ауылында жағажай аймағын абаттандыру, ауданның кіреберіс қақпаларын орнату, туристік ақпараттық орталықтың аумағын абаттандыру және Свинчатка ауылында демалыс базасын салу көзделген.

Үлкен Нарында емдік-сауықтыру, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік зор. Қазіра ауданда алты туристік нысан жұмыс істеп тұр. Олар: «Приморск» демалыс базасы, екі қонақүй, «Абзал» пантоемдеу емханасы, «Арайлы Шығыс» және «Сұңқар» балаларды сауықтыру лагерьлері. Жаңа көлік инфрақұрылымы ауданға келіп-кетуге қолайлы жағдай жасап, өңірдің туристік тартымдылығын арттырады. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді, – деді аудан әкімі Елдос Байрахметов.

Фото: bazaotdykhaprimorsk/instagram

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)