admin
Жарияланды: 18:00, 10 октябрь 2024
АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

ШҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру ережелері қандай?

Шығыс Қазақстан облысының жер аумағы 9785,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі - 3473,5 мың гектар. 

Бұл туралы ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис айтып берді. 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекше жағдайлардан басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері екі тәсілмен беріледі: конкурстық негізде және сауда-саттықсыз. 

- Биыл конкурстық негізде жалпы ауданы 21,4 мың гектар болатын 143 жер учаскесі бөлінді. Конкурс заңнамаға сәйкес өткізіледі, ал жеңімпаздарды жер комиссиясы өтінімдерге берілетін балдар негізінде анықтайды, - деді Надежда Михейлис. 

Сауда-саттықсыз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін немесе бау-бақша және шөп шабу сияқты халықтың қажеттіліктері үшін жер бөлінуі мүмкін. Көгалдандыруға арналған жерлер бір жылға дейінгі мерзімде  өтеусіз негізде беріледі.

Осы жылдың маңызды жаңалықтарының бірі -  жергілікті тұрғындарға мал жаюға рұқсат етілген, жер иелену құқығын қажет етпейтін қоғамдық жайылымдардың пайда болуы.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)