Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 15:18, 19 апрель 2025
Білім мен ілім / Жаналықтар

ШҚО-да My PRO мамандықтар фестивалі өтеді

23 сәуір күні ШҚО-да My PRO облыстық мамандықтар фестивалі өтеді.

Фестивальге өңірдің жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады.

Шара барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы толық ақпарат алып, шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби диагностикадан өтеді.

Қатысушылар таңдаған мамандығының облысымыз үшін маңыздылығы және оның өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы білуге, сонымен қатар колледжге түсу ережелерімен танысуға және болашақта қандай компанияларда жұмыс істеуге болатыны туралы ақпарат алады, - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, облыстық білім басқармасы  тарапынан оқушыларға мамандық таңдауда көмектесу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып отырады.

Мәселен «СтартПрофи – Shygys» стенд-мобы, өңір кәсіпорындарына кәсіби бағытталған экскурсиялар, кәсіпорын қызметкерлерімен мотивациялық кездесулер, 9-сынып оқушылары үшін кәсіби сынамалар, колледждерде Ашық есік күндері, жұмысқа орналасуға кепілдік берілген мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурссыз колледжге түсу үшін сертификаттар табыс етілетін мектеп оқушылары арасындағы кәсіпорындар базасында өтетін кәсіби конкурстар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің әскери қызметкерлері үшін кәсіби бағдар беру іс-шаралары және басқа да.

Сондай-ақ жыл бойы 8-11 сынып оқушылары мен NEET санатындағы жастарға арналған 90 бейіналды даярлық курсын қамтитын «Жолсілтеме» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіледі.

Фото: F16.kz/ жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)