Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:18, 19 май 2025
Білім мен ілім / Жаналықтар

ШҚО-да 5 жайлы мектеп ашылды

ШҚО-да былтыр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2100 орындық бес мектептің құрлысы аяқталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Шемонаиха, Риддер, Өскемен (Увалиев және Тимофеев көшелері) қалаларында және Белоусовка кентінде салынған жайлы білім ошағы 1 сәуірден бастап қолданысқа берілген. 

Қазіргі күні Глубокое ауданына қарасты Опытное Поле ауылында 300 орындық және Өскемен қаласында 600 орындық мектеп салынып жатыр. 

Опытное Поле ауылындағы мектептің құрлысы аяқталуға жақын. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілген, ішкі инженерлік желілер тартылып, аумағы абаттандырылып жатыр. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 30 маусымда аяқталуы тиіс. 

Ұлттық жобаның мақсаты — өңірлерде қауіпсіз, қолжетімді және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру. Жаңа мектептерде арнайы жабдықталған кабинеттер, шеберхана, спортзалдар және асхана бар, олар энергия үнемдеу және инклюзивтік талаптарға толық сәйкес келеді.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)