ШҚО делегациясы Қытайдағы халықаралаық семинарға қатысып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Қарамай қаласына келді. Негізгі мақсат - Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясында ұйымдастырылатын IT-технологияларды дамыту халықаралық семинарына қатысу.
Делегация құрамында Д.Серікбаев атындағы ШМТУ-нің оқытушылары, облыстық білім басқармасына қарасты Өскемен қаласында және Зайсан, Марқакөл, Үлкен Нарымда орналасқан коллеждердің директорлары бар, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Делегация жетекшісі - «РСС групп» компаниясының директоры, «Атамекен» ҰКП ШҚОФ туризм, креативті индустрияны дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Сымбат Рамазанов.
Делегация мүшелері, әсіресе шекаралас аудандардағы колледж басшылығы Қытай халық Республикасымен өзара байланыс орнатып, стратегиялық серіктестікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер іздейді. Қарамайдағы алдыңғы қатарлы технологиялармен танысып, оларды өз салаларында енгізу мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық экономиканы жандандыру, инвестиция тарту, және ортақ жобалар құру мәселелері аса маңызды.
Семинар жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғыстан, Өзбекістан мен Тәжікстаннан келген делегаттар қатысып жатыр.
Уақыт өткен сайын, цифрлық технологиялардың интеграциясы экономиканың түрлі салаларына терең еніп, қоғамның барлық аспектілеріне позитивті өзгерістер әкеледі. Осылайша, делегаттар Қытай тәжірибесін игере отырып, өз еліміздегі цифрландыруды жетілдіру және дамыту тұрғысында үлкен жоспарларды жүзеге асыруға атсалысады.