АУДАН АЙНАСЫ / Катонқарағай / Басты / Не жаңалық?
Үлкен Нарын – Катонқарағайға қақпа
Катонқарағайға жол тартқан турист Үлкен Нарында тоқтайтындай жағдай жасау керек.
Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.
- Серік Толықпаев Катонқарағайдың тумасы болғанымен, 20 шақты ескі дін ұстанушылардың үйін алып алған. Солардың үйі арқылы турист тарту көзделген. Үлкен Нарында да Коробиха сияқты үш-төрт ауыл бар. Сондағы ауыл тұрғындарының үйі қонақжай үй болып кетуі керек. Приморск та қысы-жазы турист тарта алады. Мұнда қыста балық аулауды да дамыту керек, - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ ол жол бойындағы санитарлық-гигиеналық бекет құру мәселесін де көтерді.
- Бұл істі кәсіпкер Ғани Шаймарданов қолға алмақшы. Қонақтар үшін ойын-сауық кешенін де салып беруді ұсынды. Ол үшін әкімдік жер бөліп, коммуникация тартуға көмектеседі, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі жаңадан салынатын әуежайдың жанынан үлкен туристік кешен ашу қажет екенін алға тартты.
Қатысты сілтемелер: