Глубокое / Не жаңалық? / Басты
Ертіс шахтасында төрт адам қаза тапты
Бүгін KAZ Minerals Тобының Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды F16.kz cайты.
Қаза болғандардың екеуі – осы кәсіпорынның қызметкері, ал тағы екеуі – мердігер ұйымның жұмысшылары.
Алдын ала деректер бойынша, жазатайым оқиғаның себебі – газбен улану. Қазір тергеу жөнінде арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды.
- KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді, - деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобының баспасөз қызметі.
Фото: Freepik
Қатысты сілтемелер: