admin
Жарияланды: 18:42, 03 ноябрь 2024
Катонқарағай / Басты / АЙДАРЛАР / Қылмыс

Катонқарағайда әкімдік қызметкері мас күйде жол апатына түсті

 Катонқарағай ауданында әкімдік қызметкері мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскен. 

Оқиға 27 қазанда Катонқарағай-Берел тас жолында Катонқарағай ауылынан шығаберісте болған, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Мас күйде көлік тізгіндеген әкімдік қызметкері қарама-қарсы келе жатқан автокөлікке соғылады. Бұл аздай, жарақат алып қансырап жатқан адамдарды сол жерде қалдырып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол апатында зардап шеккендердің туыстары кінәлі адам жазадан құтылып кетпесін деген ниетпен әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады. Олардың айтуларынша, әкімдік қызметкері аудандық ішкі саясат бөлімінде жұмыс істейді. Оның мас болғанын дәлелдейтін анықтама да бар екен. 

Бұл оқиғаға қатысты аудандық әкімдік ресми жауап берді. 

- Аталған жол көлік оқиғасы 2024 жылдың 27 қазан, жексенбі күні орын алған. Бұл факт бойынша құқық қорғау органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексерудің нәтижесінде кінәлі тұлғаның әрекеттеріне баға беріле отырып, процессуалдық шешім қабылданатын болады. Катонқарағай ауданы әкімдігі тарапынан тексеруге ешқандай әсер немесе бөгет көрсетіліп отырған жоқ, - деп хабарлады Катонқарағай ауданының әкімдігі.

Фото: liter.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)