Күршім / Басты / АЙДАРЛАР
Көпір ашылады. Паромдар қайда кетеді?
ШҚО-дағы Бұқтырма көпірінің құрылысы аяқталды. 20 қазан күні жаңа нысан салтанатты түрде ашылмақ.
Көпір ашылғаннан кейін паромдар қайда кетеді? Елді осы сұрақ мазалай бастады, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Бұл сұраққа ШҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов жауап берді.
Оның айтуынша, екі паромның бірі қысқа дейін Васильев өткеліне, екіншісі Октябрьский өткеліне орналастырылады. Қазір ол маңда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Осы бағыттағы трассаның 98-ші шақырымындағы Сажаевка ауылының маңындағы өткелге паром қойылса Өскеменнен жол-жөнекей Алтайға кірмей, Үлкен Нарын мен Катонқарағайға тура тартуға болады. Осылайша, 250 км болатын жол паром арқылы шамамен 70 шақырымға қысқарады.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер: