admin
Жарияланды: 17:00, 12 октябрь 2024
Ұлан / Басты / Киелі Алтай

Бүркітші қыз Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Бүгін Шығыс Қазақстанда халықаралық құсбегілер фестивалі өтіп жатыр.

«Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестиваліне қатысушылар дәстүрлі түрде Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы Бүркіт төбеде жиналды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Қыран бүркіт, қаршыға, ителгімен қатар бұл фестивальде ең жүйрік тазылар да сынға түсті. 

Мәдени шара аясында теңге ілу, жамбы ату, асау үйрету сынды ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. 

Осы дүбірлі додаға алыстан ат терлетіп арнайы келген Республикалық «Құсбегілік» Федерациясының Президенті Берік Уәли марапаттау рәсімінде әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпанға Шығыс Қазақстанның жұртшылығы атынан екі бөлмелі пәтер сыйға тартты. 

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)