admin
Жарияланды: 09:00, 22 октябрь 2024
Риддер / Басты / АЙДАРЛАР

ШҚО-да жаңа халықаралық теміржол бағыты іске қосылады

ШҚО-да желтоқсан айынан бастап жаңа халықаралық «Новосибирск – Риддер» теміржол бағыты іске қосылады.

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Аймақта көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта өңірде бір автобекет, жеті автостанция және төрт жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. 

«Өскемен-1 – Алтай» және «Өскемен-1 – Риддер» бағытындағы теміржол бағыттары жыл сайын 80 мыңнан астам жолаушыны тасымалдап, сұранысқа ие болып отыр.

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап жаңа халықаралық «Новосибирск – Риддер» теміржол бағыты іске қосылады, ол әр төрт күн сайын жүреді. Сонымен қатар, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында «Өскемен-1» вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық құжаттама дайындалып жатыр.

Облыс орталығынан төрт ішкі және екі халықаралық әуе бағыты бар, жаз айларында Шымкент, Үржар және Анталияға қосымша рейстер қосылады.


Фото: gov.kz


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)