Өскемендік әскери бөлімдер инспекторлық тексеруден өтіп жатыр
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде комиссия тексеру жүргізіп жатыр.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын 5518 және 3477 әскери бөлімдерінде жүргізеді, деп хабарлайды F16.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсті. Инспекторлық тексерісті әскери бөлімдер ғана емес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері мен сержанттары да тапсырады. Басты мақсат - әскерлердің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердіңкәсіби қабілеттерін анықтау.
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі