admin
Жарияланды: 13:14, 23 октябрь 2024
Өскемен / Біздің медицина / АЙДАРЛАР

Онкологиялық орталықта 90-нан астам адам ашық есік күніне қатысты

ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» сүт безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті. 
«Қызғылт қазан» - бұл сүт безі обыры туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған дүниежүзілік ай. Осы уақыт ішінде онкологтар бүкіл әлемде онкопатология құрылымында басты орын алатын осы ауруға назар аударады.  
ШҚО КОжХО-да ашық есік күніне 90-нан астам адам келді. Әрбір әйел онколог маммологтың тексеруінен өтіп, тиісті ұсыныстар алды. Көрсеткіштер бойынша орталық мамандары сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізді, қажет болған жағдайда пункция немесе трепан биопсиясын алды. Сонымен қатар, облыстың МСАК ұйымдарында сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығына орайластырылған ашық есік күндері өтті. 
Онкологтар қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау емдеу болжамдарын айтарлықтай жақсартатынын атап өтті. 40 жасқа дейінгі әйелдер жылына бір рет сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуінен, 40 жастан кейін - екі жылда бір рет маммографиядан өтуі керек. Сондай-ақ, ай сайын кеудені тексеріп отыру қажет және кез-келген күдік пен шағым болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу маңызды.

Фото: Онкологиялық орталық

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)