Өскемен / Біздің медицина / АЙДАРЛАР / Басты
ШҚО-да 68 адам тегін диагностикадан өтті
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтті.
Осы жолы дәрігерлер бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша тегін қабылдау жүргізді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Бұл күні орталыққа 68 адам келді. Аймақ тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан жетекші мамандардан кеңес алды. Бас және мойын қатерлі ісігі – бұл ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрын, параназальды синус, қалқанша без, бас және мойын терісінде дамитын қатерлі ісіктер тобы.
- Мұндай ісіктердің жаңа жағдайлары жиі кездеседі, бірақ қарапайым ережелерді сақтай отырып, олардың ушығу қаупін едәуір азайтуға болады. Онкологиялық орталықта ай сайын өткізілетін осындай Ашық есік күндері қатерлі ісікті дер кезінде анықтап, алдын алуға септігін тигізеді, - дейді ШҚО КОжХО-ның бас және мойын ісіктерінің хирург-онкологы Жандос Мағзұмов.
Айта кетсек, Ашық есік күндері халыққа ыңғайлы болуы үшін демалыс күндері ұйымдастырылады. Онколог дәрігерлер диагностикадан бөлек дерттің алдын алу жолдарын да түсіндіріп береді.
Қатысты сілтемелер: