admin
Жарияланды: 09:00, 09 сентябрь 2024
Өскемен / Біздің медицина / АЙДАРЛАР / Басты

14 қыркүйекте әйелдер дәрігерге жолдамасыз қаралады

Бейінді медицина мамандарына қалу үшін учаскелік дәрігерге жазылып, жолдама алу қажет. Жолдама алу үшін түрлі анализ тапсыру да керек болып жатады. Осы сенбіде Өскеменде онколог мамандарға жолдамасыз қарала аласыз.

14 қыркүйекте ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында әйел жыныс саласының қатерлі ісіктерінің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Бұл күні облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен жеке куәлігіңіз болуы керек.

Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан Ашық есік күні стационарда өтеді. 

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 2-корпус, артқы жақтан кіру керек.

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.


Фото: ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)