admin
Жарияланды: 17:15, 24 октябрь 2024
Өскемен / Біздің медицина / АЙДАРЛАР

Онкологиялық орталықтың маммологтары «Үлбі» орталығының 60-тан астам қызметкерін тексерді

«Қызғылт қазан» сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онколог-маммологтары қызметкерлерге кеңес беру үшін "Үлбі" қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.
Мұндай іс шараларды Онкологиялық орталықтың мамандары дәстүрлі түрде өткізеді және әйелдер қауымына өз денсаулықтарына көңіл аударуға шақырады.

- 40 жастан асқан әйелдер жыл сайын маммологтың тексеруінен өтуі керек, бірақ бұл ұсынысты бәрі бірдей орындай бермейді. Мұндай сапарлар медициналық көмекті халыққа жақындатуға, өзіне назар аударудың қаншалықты маңызды екенін еске салуға көмектеседі, - деді онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Нұрғалиева.

«Үлбі» орталығының 64 маманы маммологтардың тексеруінен өтті, кейбіреулері көрсеткіштер бойынша сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жасады. Барлық әйелдер онкологиялық қауіпсіздік бойынша тиісті ұсыныстар мен кеңестер алды. «Үлбі» орталығының өкілдері іс-шара туралы жылы лебіздерін білдіріп, дәрігерлерге алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Фото: Онкологиялық орталық

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)