admin
Жарияланды: 17:22, 01 ноябрь 2024
Өскемен / АЙДАРЛАР / Шемонаиха

Өскеменде Ұлттық ұлан сарбаздары 300 шақырымдық шеру жасады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбаздары Өскемен қаласынан  Шемонаиха  қаласына дейін барып, қайта кері қайтты.

Әскери бөлімнің  2-2023 және 1-2024 жылғы шақырылымның мерзімді әскери қызметшілері қатысқан 300 шақырымдық  тактикалық-арнайы сабағы өткізілді. 

Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс жүзінде қолданып, қиян-кескі оқыс оқиғада техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден мүлтіксіз өтті. 

– Ұлттық ұлан қатарына шақыртылғанда жауынгерлік техниканы басқарудан хабарсыз едім. Ұзақ қашықтықты қамтыған бүгінгі шеруден мол тәжірибе алдым. Жол қауіпсіздігін сақтай отырып, әскери техниканы діттеген жеріне жеткізу үлкен  жауапкершілікті талап етеді,  – дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Олжахан Санжар.

Ұлттық ұланның жас жүргізушілері тәжірибеде теориялық білімдерін шыңдап,  әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті, сондай-ақ жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырды.  Алдағы уақытта  300 шақырымды еңсерген  жас жауынгерлер әскери көліктерді  басқаруға рұқсат алатын болады.

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)