Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:16, 02 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскеменде 200 бала “Тепеңкөк” күйін шертті

Облыс орталығында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Бірлігі жарасқан – Қазақстан” атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

 

Қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары Сол жағалау кешеніне жиналған жұртшылыққа өнерлерін паш етті.

 

Мерекелік бағдарламаны “Жұлдыз” балалар өнер мектебінің - “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің 200 оқушысы “Тепеңкөк” күйімен ашты.

    
Сондай-ақ би ұжымдары  түрлі халықтың мәдени мұрасын бейнелейтін би қойылымдарын ұсынды.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)