Өскеменде қай көшелер жөнделеді?

Облыс орталығында ағымдағы жылы жөнделетін көшелер тізімі бекітіліп, жұмыстар басталып кетті.
Шаһар басшысы Алмат Ақышов қалада орташа жөндеу және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілетінін және тізім әлі де толықтырылуы мүмкін екенін атап өтті.
Орташа жөндеу жұмыстары келесі көшелерде жүргізіледі:
• Абай даңғылы (Интернациональная көшесінен «Ескі подхоз» аялдамасына дейін),
• Шәкәрім даңғылы (Абай даңғылынан Үлбі көпіріне дейін),
• Қабанбай батыр көшесі (Новаторов көшесінен Малдыбаев көшесіне дейін),
• Үлбі көпірі (Интернациональная көшесі),
• Назарбаев даңғылы (Виноградов көшесінен 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесіне дейін) ,
• Қазақстан көшесі (Горький көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейін),
• Севастопольская көшесі,
• Көкжал Барақ көшесі (Сәтпаев даңғылынан Солтүстік магистральға дейін),
• Вешный тұйық көшесі (Согринская және Егоров көшелері),
• Геологическая көшесі, Брусиловский көшесі (автовокзал ауданы), Анатолий Иванов (20-шы шағын аудан),
• 1-ші қалалық ауруханаға баратын жол (Абай және Шәкәрім даңғылынан),
• Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейінгі жол,
• «Болашақ» және 21-ші шағын аудандарының орталық көшелері
Сондай-ақ 56 жол учаскесіне қиыршық тас төселеді.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект