Өскеменде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Ертең Өскемендегі орталық алаңда «Шығыс маманы» облыстық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарға, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен үміткерлер арасында тікелей байланысты орнату.
Жәрмеңкеге 80-нен астам жұмыс беруші 600-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынады.
Бүгінде жәрмеңкеге қатысуға 25-тен астам ірі жұмыс беруші өтінім беріп үлгерген. Олардың қатарында:
«Казцинк» ЖШС,
«ТМК» АҚ,
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ,
«Шығыс жылу» АҚ,
«Согрин ЖЭО» ЖШС,
«Біріккен ЭнергоСервис компаниясы» АҚ,
«Темірбетон комбинаты» ЖШС,
«Өскемен ұн комбинаты» ЖШС,
«Востокмашзавод» АҚ,
«Востокцветмет» ЖШС,
«Арна Минералс» ЖШС,
«СМУ Шығыс» ЖШС және басқалар бар.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының тұсаукесерін өткізіп, бос жұмыс орындарын таныстырады және ең лайықты кандидаттардың дерекқорын қалыптастырады. Өз кезегінде, үміткерлер HR-менеджерлермен тілдесіп, әңгімелесуден өтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, жәрмеңке аясында жұмыспен қамту мәселелері бойынша халыққа кеңес беріледі.
Фото: yandex.kz




