Өскемен / Жаналықтар
Өскемен: «Таза ойындарға» тіркелу басталды

Өскеменде дәстүрлі түрде өткізілетін «Таза ойындар» эко-сенбілігіне тіркелу басталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қала әкімдігі тұрғындарды қала тазалығына атсалыса отырып, түрлі сыйлықтар ұтып алуға шақырады.
«Таза ойындар» ертең, 17 мамыр күні сағат 09.00-де Самал саябағында өтеді. Қатысушылар қоқысты жинап, сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады. Жобаның ерекшелігі – ойын ретінде ұйымдастырылады. Жиналған қалдық көлеміне сәйкес ұпайлар беріледі. Қосымша ұпайларды қоқысты бөлек жинау, квест кезінде табылған ерекше заттар үшін және арнайы тапсырмаларды орындау арқылы алуға болады, - дейді қала әкімдігі.
Жеңімпаздар сыйлықтармен және @quartz_ust_kamenogorsk компаниясының қайта өңделген шынысынан жасалған кубоктар, медальдармен марапатталады.
Қатысу үшін 2–4 адамнан тұратын команда жинап, @clean_games_ukg парақшасының профиліндегі белсенді сілтеме арқылы қосымшадан тіркелу және ойынға ыңғайлы киіммен келу керек, - делінген хабарламада.
Ойын ережесіне қатысты барлық сұрақтарға жауап пен қажет заттардың бәрі орнында беріледі.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект
Қатысты сілтемелер: