Өскеменде 50-ші мектеп қазақ мектебі болып ашылды
Бүгін Өскемендегі Нұрлы Жол ықшам ауданында №50 жаңа мектеп алғашқы шәкірттерін қабылдады. Бұл ықшам аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш болды.
Үш қабатты зәулім ғимараттың сыйымдылығы – 600 орын. Екі ауысыммен 1200 оқушыға дейін қабылдай алады. Мектепте 32 оқу кабинеті, төрт зертхана, үш шеберхана кабинеті бар. Барлығы жиһазбен, 28 панельді тақталармен және көп функционалды принтерлермен жабдықталған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Жаңа мектептің директоры болып Мархаба Рақыжаева тағайындалды.
Мектептің бірінші қабатында инклюзия кабинеті, екі гардероб, директордың кабинеті, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарының кабинеті, асхана, спорт залы, бес оқу кабинеті, дәрігер кабинеті, үш шеберхана, радиоорталық, сенсорлық бөлме, күзет бөлмесі, ата-аналарды қолдау орталығы, есеп бөлімі, қабылдау бөлмесі орналасқан.
Ал екінші қабатта мұрағат, кітапхана, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының кабинеті, робототехника кабинеті және зертханасы, 16 оқу кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, акт залы бар.
Үшінші қабатында психологиялық қызмет және логопед кабинеті, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының кабинеті, үш зертхана, сегіз оқу кабинеті, қамту қызметкерлерінің бөлмесі орналастырылған екен.
Қазіргі уақытта білім ордасында 24 сынып құрылды, оның ішінде екеуі – мектепалды даярлықтары сыныбы.
Барлық кабинеттер жиһазбен, 28 панельді тақталармен және көп функцияналды принтерлермен жабдықталған.