Өскемен / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?
Өскемен ЖЭО-да қазандық агрегаттары қалпына келтірілді
Бүгін сағат 17:31-де «Өскемен ЖЭО» ЖШС аумағында #1 ОРУ-1 байланыс трансформаторының 110 кВ ажыратқышындағы «В» фазасының шығару оқшаулағышы зақымдалды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Зақымданған кезде дыбыстық жарылыспен және түтінмен бірге қысқа тұйықталу болды.
Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында жабдықтардың жұмысы тез қалпына келтірілді. Өрт болған жоқ, зардап шеккендер жоқ.
- Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша қазандық агрегаттарының жұмысы қалпына келтірілді. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алуларыңызды сұраймыз, - дейді “Өскемен ЖЭО” баспасөз қызметі.
Фото: Өскемен ЖЭО-ның ресми сайтынан
Қатысты сілтемелер: