Өскемен / Қылмыс / АЙДАРЛАР / Басты
ШҚО тұрғыны 500 мың теңгесінен айырылып қалды

Арзан бағамен пәтер сатып алмақ болған ШҚО тұрғыны жарты миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Polisia.kz ақпараты бойынша, Өскемен қалалық полиция басқармасына облыс тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгілі бір азамат оған қолжетімді бағамен пәтер алуға көмектесемін деп сендірген. Қызметі үшін 500 мың теңге сұраған. Ақшаға қол жеткізген соң байланысты түбегейлі үзген.
Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған Өскемен тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады.
ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: matritca.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатайда салтанатты түрде ашылған мектеп әлі күнге бос тұр
Қайырымдылық күні: Өскеменде қандай шаралар өтеді?
«Ұланым» – шетелдік саяхатшылардың жүрегін тербеткен ән
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жаңа мүмкіндіктерге есік ашылды
Шығыстағы салауатты бастама: Жалғызтал ауылы ішімдіктен толық бас тартты