admin
Жарияланды: 14:52, 19 сентябрь 2024
Өскемен / Қылмыс / АЙДАРЛАР / Басты

Өскеменде түрмеге кәмпит ішіне есірткі тығып әкелген ер адам ұсталды

Өскемен қаласындағы  №22 түзеу мекемесіне есірткі кіргізбек болған  ер адам  ұсталды. 

Жазасын өтеп жатқан адамның танысы оған есірткі кіргізу үшін осындай айлаға барған, деп хабарлайды F16.kz cайты.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті жасыл түсті ұнтақ зат салынған  12 пакетті тәтті тағамдардың ішіне орап салыпты. Ол есірткілерді кәмпит мен  круасан, құрма қораптарына және ылғалды майлық ішіне жасырып, түрмеге кіргізбек болған. Алайда Ұлттық  ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығының арқасында ер адамның  жымысқы  әрекеті  жүзеге  асқан жоқ.       

Сәлем-сауқат бөлмесіне кіріп келген азаматтың қолындағы үлкен сөмкені тексеру  барысында круасан қорабынан тыйым салынған заттар табылды. Сондай-ақ ондағы азық-түліктердің барлығынан белгісіз қою жасыл түсті, өзіне тән иісі бар пакеттер табылған.

Күдікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚК 297-бабының 2-бөлігі бойынша  қылмыстық іс қозғалды.Тыйым  салынған заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама  тағайындалды. 

Фото: aa.com.tr

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)