admin
Жарияланды: 16:30, 23 сентябрь 2024
Өскемен / Басты

Ата-аналар сарбаздардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан әскери қызмет кезіндегі қайғылы оқиғалар ата-аналарды қатты алаңдатып жүр.

Осыған байланысты Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміне бір топ ата-ана келді. Олар гарнизонның тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты, деп хабарлайды F16.kz cайты.


Бөлім қолбасшылығы ата-аналарға экскурсия ұйымдастырып, әскери бөлімнің барлық негізгі нысандары мен инфрақұрылымын көрсетті. Ата-аналар казарма, асхана, медициналық пункт және оқу орындарын аралап, әскери қызметшілердің күн тәртібімен танысты.


 

  - Біз барлық жаңалықтардан кейін балаларымыз үшін қатты уайымға салындық. Бірақ бізге сарбаздардың қандай жағдайда өмір сүретінін, олардың қалай тамақтанатынын, медициналық қолдаудың қалай ұйымдастырылғанын ватсапта құрылған топта уақытылы хабарлап отырады. Дегенмен, біздің көңіліміз жай таба алмағандықтан, жиналып келдік. Көргеніміз көңілімізден шығады. Енді мен ұлымның қауіпсіз екенін біліп, тыныш ұйықтай аламын, - дедісарбаздардың бірінің анасы Гаухар Валиханова.

Келген ата-аналар әскер қолбасшылығына ашықтығы мен кері байланыстары үшін алғыс білдірді. Бұл сапардан олар балаларының сенімді қолда екеніне және қызметтері белгіленген стандарттарға сәйкес өтетініне көз жеткізді.


   


 Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)