Өскемен / Басты
ШҚО-да Ұлттық ұлан сарбаздары дауыс берді
Өскеменде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты.
Олар АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Сарбаздар сайлауға алғаш рет қатысып отыр, өйткені олардың жасы 18-19-да.
Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Қатысты сілтемелер: