Өскемендегі кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
1 қазаннан бастап Өскемен қаласындағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлады.
Бұрын кезекші кесте бойынша азаматтарды Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдаған. Енді кезекші ХҚКО Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайында жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші кесте бойынша ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (түскі үзіліссіз), сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Ал мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самар тас жолы, 23. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліссіз), сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО бойынша филиалы