admin
Жарияланды: 10:00, 07 октябрь 2024
Зайсан / Басты / АЙДАРЛАР

Тағы да буллинг: Зайсанда қыздар арасында жанжал шықты

Зайсан ауданында қыздар арасындағы жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Видеода жасөспірім қыздар құрбысын небір бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратып қойған. Сондай-ақ бейнежазбадан жасөспірімдердің шылым шегіп отырғанын байқауға болады.

Бұл оқиғаға қатысты ШҚО Білім басқармасынан сұрап білдік. Басқарма басшысы Иннеса Чернышева қазір тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.  

-     Біз бұған қатысты жұмыстарды бастап кеттік. Тергеу жүріп жатыр. Өзге сұрақтарға Полиция департаменті жауап береді, - деді Иннеса Чернышева.

Полиция департаментінде бұл видеодаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Оқушы қыздар есепке қойылыпты.

- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұзақылық жасаған жасөспірім қыздар мектепішілік есепке қойылып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жасөспірімдердің ата-аналары да жауапқа тартылуы мүмкін екен.

- Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізе сала кетсек, былтыр осыған ұқсас жағдай болған. Өскеменде оқушы қыздар арасындағы төбелес қоғамда үлкен резонанс тудырып, екі жасөспірім сотталып кетті. 

 

Фото: Getty Images/Westend61

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)