Басты / Әлеумет / АЙДАРЛАР
Көпбалалы аналарға тегін жол жүру құқығы берілмек – ШҚО
ШҚО-да аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін 178,1 миллион теңге бөлінді. Аталмыш шара 5312 баланы қамтыды.
Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Келесі жылы жеңілдіктер бағдарламасын кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік дәрежеде марапатталған көпбалалы аналарға тегін жол жүру құқығын беру көзделген.
- Өскемен қаласында электронды билеттеу жүйесі мен көлікті «Oskemen bus» қосымшасы арқылы онлайн бақылау жүйесі қарқынды дамып келеді. 2021 жылдан бері Өскемен және Риддер қалаларында автобустар паркін жаңарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2024 жылы 195 автобус және 26 шағын автобус сатып алынып, көлік құралдарының 80%-ы жаңартылды, – деді Қуаныш Акрамов.
Фото: rbk.ru
Қатысты сілтемелер:
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ауызсу, жол, экология... Шекарадағы Тарбағатай ауданында шешілмеген мәселе көп
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
Қытаймен шекаралас Тарбағатай ауданының тұрмыс-тіршілігі қалай?
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді