admin
Жарияланды: 09:00, 25 октябрь 2024
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

Ермек Көшербаев еліміздің ең үздік 5 әкімінің қатарында

Медиа технологиялар орталығының талдау қызметі әкімдердің рейтингін жариялады.

Үздік әкімдердің бестігіне Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері кірді, деп хабарлайды F16.kz сайты Toppress.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Рейтингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев көшбасшылық орынға ие. Ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы белсенді реформалар мен табысты жұмыстың арқасында жоғары позицияларды ұстап тұр. Ол өзінің позицияларын жыл басынан бері ұстап келеді, ал оның басшылығымен аймақ жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер көрсетіп жатыр. 

Табысты жұмыс пен түрлі жетістіктерге қарамастан, өңір жылыту маусымын қалай өткізеді деген сұрақ туындап отыр. Себебі жазда Премьер-министр Абай облысына, атап айтқанда Семей қаласына жылумен жабдықтауға қатысты сын айтқан, өйткені инженерлік желілердің тозып кеткен және жергілікті ЖЭО-ның жай-күйі де мәз емес.

Екінші орында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев тұр. Сарапшылардың пікірінше, ол өзін туындаған проблемаларға жедел әрекет ете алатын тиімді менеджер ретінде көрсетіп отыр.  Дегенмен, сарапшылар өңірге жастар тәрбиесі бойынша жұмыс істеу керек екенін алға тартты, өйткені жуықта ғана мектеп оқушылары құрбысын тізерлетіп қойып, ұрып-соғып, ақша талап етті. Сондай-ақ мұндағы сот орындаушыларын да тәрбиелеу керек, жергілікті кәсіпкерлерден 46-дан астам талап арыз түскен.

Үшінші орынды елордалық әкім Жеңіс Қасымбек иеленіп отыр. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жоғары басқарушылық құзыреттілігін көрсетуді жалғастырып келеді, бұл Мемлекет басшысының сенімімен ғана емес, елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты серпінімен де расталады. 

Төртінші орында – Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.  Ол өңір басшыларының өткен рейтингінде сенімді түрде екінші орынға ие болған еді,  осы жолы екі позициядан айырылып, төртінші орынға түсті. Бірақ бүгінгі күнге дейін сумен жабдықтау және газдандыру бойынша негізгі жобалар сәтті аяқталғанын айтуға болады. Тұрғын үй құрылысы белсенді жалғасып жатыр, оның ішінде әлеуметтік тұрғын үй де бар. Әкім білім беру инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөледі.  Сатыбалдыға өңірдегі халықтың тығыздығы мен санын ескере отырып, рейтингте тағы да ілгерілеу үшін бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу керек.

Бесінші орынға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жайғасты. Ол өткір сөздері мен халықпен біртүрлі қарым-қатынас жасау тәсіліне қарамастан, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінде жұмысының өте тиімді екенін дәлелдеп отыр. 

Бұлар жаңа рейтинг бойынша ең үздік әкімдер екен. Ал рейтингің соңында қалған өңір басшысы – Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали.  Ұлытау облысының экс-әкімі Берік Әбдіғалиұлының жұмысында бірнеше күрделі проблемалар болған, бұл оның қызметтен босатылуына әкелді.

Бұған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың төмен қарқыны әсер етті.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асырудағы кемшіліктерді Әлихан Смайылов көпшілік алдында атап өткен болатын. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражат баяу игерілді және осы бастамалардың өңірді дамыту үшін маңыздылығына қарамастан жобалардың бір бөлігі небәрі 35%-ға орындалды.

Сондай-ақ нысандардың құрылысында кідірістер байқалды. Осылайша, аймақты әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңғырту аясында басталған көптеген жобалар үлкен кідірістермен жылжыды. Әкім олардың бір бөлігі жыл соңына дейін аяқталмайтынын мойындады, бұл үкімет пен халықтың сынына себеп болып отыр.

Аутсайдерлер үштігіне тағы Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те кірді. 


 Фото: gov.kz 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)