«Ақылды» датчик 42 адамның өмірін сақтап қалды
Жыл басынан бері ШҚО ТЖД құтқарушылары 28 000-нан астам нұсқаулықты үйме-үй аралау кезінде өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің 6000-нан астам бұзушылығын анықтады.
Мамандардың уақтылы жүргізген түсіндіру жұмыстарының арқасында тұрғындар сол жерде 2000-нан астам бұзушылықты жойды. Үй иелерімен пешті жылыту және электр құрылғыларын пайдалану ережелері бойынша толыққанды нұсқаулықтар өткізілді, сондай-ақ визуалды тексеру жүргізілді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
ШҚО ТЖД өрттің және иісті газдан уланудың алдын алу үшін келесі шараларды ұсынады:
- бөлмелерде ашық отты қолданбаңыз, мас күйінде төсекте темекі шегуге тыйым салынады;
- үйден кетерде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз;
- тек жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларын қолданыңыз;
- тек ақаусыз пеш жабдықтарын пайдаланыңыз;
- пештің кірпіш қалауындағы жарықтар, бітелген мұржа ауыр салдарға әкелуі мүмкін;
- жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз;
- жобалау нормалары бойынша қарастырылған саңылаулары жоқ жапқыштарды жаппаңыз;
- жанғыш конструкциялардан өртке қарсы қашықтық пен алшақтықты сақтаңыз.
Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі