«Жол жылы»: ШҚО-да рекордтық көрсеткіш орнатылды
Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу бойынша рекордтық көрсеткіш орнаған екен.
Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда 2024 жыл «Жол жылы» деп жарияланған болатын. Биыл облыс бойынша 600 шақырым жол жөнделіп, рекордтық көрсеткіш орнатылыпты.
Сондай-ақ биыл алғаш рет 79 шағын ауылда 120 шақырымды құрайтын орталық көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеп, көшелерді жарықтандыру жоспарланып отыр.
Облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылдар аралығында барлығы 392 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінің жағдайы жақсартылады.
Дереккөз және фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі