admin
Жарияланды: 13:00, 22 январь 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Катонқарағай

Шыңғыстайдағы мал ұрлығы мәселесі Парламентте көтеріледі

Естеріңізде болса, күні кеше Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында мал ұрлығы өршіп тұрғаны туралы жазған едік. Ауылда ұрылардан жапа шекпеген үй қалмаған.

F16.kz сайтының тілшілері Шыңғыстайға арнайы барып, мәселемен танысып қайтқан болатын. 

Қарапайым халықты қан-қақсатқан қаскөйлер құқық қорғау органдарының құрығынан оңай құтылып кетеді. Ауыл тұрғындары осы күнге дейін жоғалған малдың бірде-бірі табылмағанын айтады. Барар жер, басар тауы қалмаған тұрғындардың бар үміті Мемлекет басшысында.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай бұл мәселенің бақылауға алынатынын айтты. 

Депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, Шыңғыстайдағы мал ұрлығы мәселесіне қатысты арыз-хатты Ішкі істер министрлігіне жолдап, Парламент Мәжілісінің де жиынында көтерілетінін мәлімдеді. 

Еліміздің шығысында, Катонқарағайда малдан мал қалдырмады, елдің тыныштығы бұзылды. Бірақ сол ұрыларды ұстауға полиция қауқарсыз немесе ұрылармен сыбайлас деп ашынған халық ақыры Президенттен көмек сұрап отыр екен. Менің атыма да ондаған адам хабарласты. Арыздарыңыз қолыма тиді. Ішкі істер министрлігінің атына арыз-хаттарыңызды жолдаймын. Тікелей бақылауға алуды сұраймыз. Парламент Мәжілісінде де міндетті түрде сіздердің мәселелеріңізді көтеремін, - деді депутат. 


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)