Басты / Не жаңалық?
30 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 13-15 маусым аралығында сынап бағаны +30 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Дегенмен ел аумағында ауа райы жалпы тұрақсыз болмақ. Аптап ыстықпен қатар кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап және екпінді жел соғады. Солтүстікте, шығыста және орталықта бұршақ жаууы мүмкін.
Күндізгі температура батыс өңірлерде — +33+40°С, солтүстік пен орталықта — +20+28°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстікте — +27+35°С-тан +30+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста — +22+30°С-тан +25+35°С дейін, ал шығыс жақта — +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін төмендейді.
Фото: esizer.mail.ru
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз: