Басты / АЙДАРЛАР / Ұзын құлақ
ШҚО мен Абай облысының әкімдері қашан тағайындалады?

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына жаңа басшылар жақын арада тағайындалмақ.
Екі облыстың да мәслихат депутаттары дүйсенбіде сессияға жаңа әкімдерді тағайындауға келісім беру үшін шақырылды.
Шығыс Қазақстанның әкімін тағайындау бойынша жиын 17 ақпан күні таңғы сағат 10.00-де өткізілсе, Абай облысының жаңа әкімнің есімі 11.00-де белгілі болмақ.
Айта кетсек, 14 ақпан күні аталған екі өңірдің басшылары қызметінен босатылған еді. ШҚО-ны басқарған Ермек Көшербаев вице-премьер болып тағайындалды. Ал Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың жаңа қызметі әлі белгісіз.
Фото: arnapress.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Өскеменге жаңа әкімді қашан тағайындайды?

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?