Ұлан ауданында бокстан республикалық турнир өтіп жатыр

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
4 мамыр күні басталған турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновті еске алуға арнап ұйымдастырылды.
Аталмыш жарыс 2006–2017 жылдары облыстық деңгейде өткізілсе, 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде жалғасып келеді. Биыл турнирде Алматы, Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарынан жиыны 178 спортшы бақ сынап жатыр. Жас былғары қолғап шеберлеріне қолдау көрсетуге ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Қасым Қайсеновтің ұлы Болат Қасымұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асылбек Кылымов келді.
Турнир 8 мамыр күн өз мәресіне жетеді.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі




