Басты / Айтпайын десең... / Риддер / Бейне медиа / Шекаралық аудан
Қараңғы көше, сыз тартып көгерген үйлер. Риддердің халқы қалай өмір сүріп жатыр?

Ресеймен шекаралас Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменнен 120 шақырым қашықта. Батыс Алтайдың баурайындағы кеншілер шаһарында 50 мыңнан астам адам тұрады. Мұндағы халықтың дені кен өндірісінде еңбек етеді.
Ресейлік тау-кен инженері Филипп Риддердің есімін еншілеген кенді шаһарда бірнеше шағын аудан бар. Солардың бірі – жергілікті жұрт “ДОСААФ” атап кеткен шағын аудан. Орталық қазандыққа қосылған жылу желісі жоқ, жолы батпақ, ауызсу тартылмаған, көшелері тас қараңғы елді мекенде тұрып жатқан тұрғындар жергілікті биліктің назарынан тыс қалғандарына налиды.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

«Қараңғы қала қауіпті». Өскеменде жарықтандыру жүйесі қашан жаңғыртылады?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар