F16.KZ
Жарияланды: 11:00, 30 май 2025
Басты / Жаналықтар

Шалғайдағы ауылда оңалту орталығы ашылады – ШҚО

Үлкен Нарын аудандық аурухана базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту бөлімшесі ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Елдос Байрахметов айтты, деп хабарлайды F16.kz. 

«Қамқорлық» қорының қолдауымен ашылатын оңалту орталығының қызметіне Үлкен Нарынның ғана емес, Катонқарағай, Күршім, Алтай және Самар аудандарының тұрғындары да жүгіне алады. 

Мұнда ерекше балаларға медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Бөлімше ашу үшін ғимаратты жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл шалғай аудандарда инклюзивті медицинаға қол жеткізу мүмкіндігін арттырады деп сенеміз, - деді Елдос Байрахметов.

Бүгінде ауданда медицинаны дамыту мақсатында жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр. Жақын арада аудандық ауруханаға жылжымалы рентген-маммографиялық аппарат сатып алу жоспарланған. Медициналық құрылғы арқылы шалғай елді мекендерде диагностикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі арта түседі. 

Фото: egemen.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба