Басты / АЙДАРЛАР / Қылмыс
ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды

Шығыс Қазақстанда есірткі өндіретін астыртын зертхана жойылды.
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық қауіпсізік Департаменті синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Зертхананың жұмысын Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырғаны анықталды.
Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам «мефедрон», 500 литр прекурсор, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін заманауи зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.
Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: ctc-rk.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті