admin
Жарияланды: 09:00, 11 сентябрь 2024
Басты / АЙДАРЛАР

Әскерге 20 жастан шақырылсын. Жаңа петиция жарияланды

Қазақстанда әскери борышты өтеуге қатысты жаңа петиция жарияланды. Петицияның талабы – әскерге шақыру жасын 20-ға дейін көтеру.

Бұл бастама қазір epetition.kz сайтында талқыланып жатыр, деп хабарлайды F16.kz cайты.

Петиция авторларының ойынша, бұл жастарға әскери қызметке жақсырақ дайындалып, әскердегі құқық бұзушылықтарды азайтуға септігін тигізеді. 

Бастама авторларының негізгі дәлелдері: 

- Психологиялық және физикалық жетілу – 20 жасында жастар әскери міндеттерді орындауға жақсы дайындалған болады. 

- Оқуын жалғастыру - 18 жаста әскерге шақыру білім алуға және мансапқа кедергі келтіреді.

- Құқық бұзушылық деңгейін төмендету -  ақыл-ойы толысқан шақырылушы жауапты және тәртіпті болады. 

- Әскери дайындықты жақсарту - әскери дағдыларды тезірек меңгереді.

- Басқа елдердің мысалы - Швецияда, Германияда және Австрияда 19-20 жастан шақырылады, бұл әскерге оң әсер еткен.


Фото: irbistv.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)