admin
Жарияланды: 13:30, 24 сентябрь 2024
Басты / Не жаңалық?

Үлкен Нарын ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданының әкімін тағайындады.

Бұл лауазымға осыған дейін Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарған Елдос Байрахметов тағайындалып отыр, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Елдос Байрахметов 1990 жылы Үлкен Нарын ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген.

Әр жылдары түрлі қызметтер атқарған:

2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ операторы қызметінде еңбек жолын бастаған.

2012-2013 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ-да техник, инженер-конструктор.

2016-2018 жылдар аралығында «Астанателеком» мекемесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2019-2021 жылдар аралығында «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2021-2022 жылдары Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) кеңесшісі, көмекшісі.

2022-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

2023 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

  - Елдос Жанболатұлының тәжірибесі аз болғанымен, іскер азамат. Жергілікті жерден шыққан азамат. Аудан үлкен емес. Барлықтарыңыздың қолдауларыңыз керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)