Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай
Қытайлықтар Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға ниет танытып отыр
Шығысқа Қытай елінен делегация келді.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының туризмді дамыту бөлімі басшысы Ардақ Мәдиев делегация мүшелерін жергілікті туризмнің әлеуетімен таныстырды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Келер жылы Қытайда Қазақстанның жылы болып жарияланбақ.
Таулы, сулы өңірдің негізі Шығыс Қазақстанда. Өскеменге жеткенше Шығыс табиғатына тәнті болған шығарсыздар. Мұндағы төрт күнде Шығыспен таныстыруға тырысамыз. Қытайда туризм дамыған. 150 млннан астам қытай саяхатшылары әлемді аралайды. Эксклюзивті тур жасау ойда бар. Аңшылық, балық аулау, топтық туризм, жағажай да бар. Жазда бір ретте 20 мың туристке дейін қабылдаймыз. Қонақүй салу үшін инвесторларға да көмек көрсете аламыз. Үлкен көпір салып жатырмыз. Алматымен де жұмыс істеп жатырмыз. Алтайды көріп, Алатауға баруға болады. Сол жақтан ұшып кетесіздер Қытайға, - деді Ардақ Мәдиев.
Оның айтуынша, қазақтың тарихын паш ететін танымдық туризм ұйымдастыру мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ медициналық туризм, қысқы туризм жайлы да айтып өтті.
Егер қытай саяхатшысы қар көремін десе, алыстан іздеп керек емес. Жолдарға, жол бойындағы инфрақұрылымға да көңіл бөліп жатырмыз. Мемлекет басшыларының достығы бізге үлгі. Біз де тығыз қарым-қатынаста болып, туризм саласын дамытуымыз керек, - деді ол.
Синьцзян Алтай туристік компаниясының өкілі Го Шаоцзян визасыз режимнің мүмкіндіктерін барынша пайдаланып жатқандарын айтты.
- Визасыз режим болғандықтан, мүмкіндікті барынша пайдаланып жатырмыз. Нәтижесін байқаған шығарсыздар. Бұл жолғы ақпараттық турдың мақсаты – Шығыс Қазақстанда туризм саласын дамыту. Делегация құрамында туристік операторлар бар. Олар сіздермен жұмыс істеуге ниетті. Мәселен, Қанасқа баратын туристерді Шығысқа тартуға болады. Өскемен – тарихи қала. Бізге ұнайды, - деді Го Шаоцзян.
Сонымен қатар қытайлық инвестор Шығыс Қазақстандағы туризм саласы бойынша толық ақпарат алатындай платформаның керектігін алға тартты.
Қатысты сілтемелер: