Басты / Не жаңалық?
Көлік министрі ШҚО-дағы жол жөндеу жұмыстарын сынға алды
ШҚО-ға жұмыс сапарымен көлік министрі Марат Қарабаев келген болатын.
Аймақ тұрғындары министрге жол жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Атап айтқанда, бұл жердегі сөз Риддер қаласы, Шемонаиха және Алтай аудандарына апаратын тас жолдар туралы.
Министрдің айтуынша, ірі жобалар бір мердігер компания ғана жүзеге асырады. Ал мұндай ауқымды жұмысты жалғыз атқару қиын.
- Өңірдегі ірі жобаларды жүзеге асыру тек бір мердігер компанияның мойнында. Ауқымды жұмыстарға бір ұйымның қауқары жетпейді. Мердігер жоспарды толық орындай алса жақсы, әрине. Ал қауқары жетпейтін жұмыс көлемін алудың қажеті жоқ, - деді ведомство басшысы.
Ол алдағы уақытта мердігер компаниямен кездесу өткізіп, осы мәселені талқылайтындарын жеткізді.
Фото:
uralskweek.kz
Қатысты сілтемелер: