Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:58, 21 апрель 2025
Жаналықтар

Белсенді зейнеткерлер сынға түседі – ШҚО

Шығыстағы белсенді зейнеткерлер арасында шахмат, дойбы, бильярдтан облыстық турнир басталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.


Турнирге облыстың түкпір-түкпірінен 80-ге жуық қатысушы жиналған.


Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын ұзартуға, интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, достық байланысты нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймыз, - дейді ұйымдастырушылар.

Облыстық турнир 30 сәуірге дейін жалғасады.


Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 140 мыңнан астам зейнеткер бар. Олар бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Өңір бойынша қариялар бас қосатын 175 орталық бар. Онда зейнеткерлер спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналыса алады.


Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)