F16.KZ
Жарияланды: 10:06, 21 апрель 2025
Жаналықтар / Басты

Түркістаннан алтын мен күміс арқалап келе жатыр

Түркістан қаласында өткен студенттердің республикалық «Еңбек кубогы» спартадикадасында Шығыс Қазақстан облысы командасының өкілдері жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды F16.kz.


Дүбірлі спорт бәсекесінде облыс құрамасының сапында Өскемен жоғары медицина колледжі, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары IT колледжі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғары колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Көлік және тіршілік кауіпсіздігі колледжінің командалары бақ сынады. Олар волейбол (ұлар, қыздар), баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ сынды бірнеше спорт түрінен өнер көрсетті.

Спартакиада қорытынды бойынша, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұлдар командасы волейболдан І орынды жеңіп алды. Тоғызқұмалақ сайысында Өскемен жоғары медицина колледжінің командасы II орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, 15-18 сәуір күндері Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы өтті. Оңтүстіктегі спорт мерекесінің басталғаны туралы бұүған дейін жазғанбыз. 

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)