Бірқатар автобус бағыттары іске қосылады – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар автобус бағыттары қайта іске қосылады. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мәлімдеді.
25 сәуірден бастап Өскемен – Бозанбай бағыты іске қосылады.
Өскеменнен шығу уақыты – 11:30 және 16:30 (Абай даңғылындағы автовокзалдан);
Бозанбайдан – 7:30 және 13:30 (әкімдік жанындағы аялдамадан).
Ересектерге арналған билет құны – 1000 теңге, балалар мен кейбір басқа санаттар үшін жеңілдіктер қарастырылған.
1 мамырдан бастап Өскемен – Марқакөл бағыты іске қосылады.
Өскеменнен шығу уақыты – 14:30 (Абай даңғылындағы автовокзалдан);
Марқакөлден – 7:00.
Ересектерге арналған билет құны – 4500 теңге. Балалар мен басқа санаттар үшін жеңілдіктер бар.
1 мамырдан бастап Өскемен – Жаңа Қанай бағыты іске қосылады.
Өскеменнен шығу уақыты – 12:00 және 16:50 (Мызы көшесіндегі автостанция),
Жаңа Қанайдан – 8:20 және 13:20.
Ересектерге арналған билет бағасы – 650 теңге, балалар мен кейбір басқа санаттарға жеңілдіктер қарастырылған.
1 мамырдан бастап Өскемен – Тройницкое бағыты да қайта іске қосылады.
Өскеменнен шығу уақыты – 16:45 (Мызы көшесіндегі автовокзалдан),
Тройницкоедан – 7:00.
Ересектерге арналған билет құны – 1500 теңге, балалар мен кейбір санаттарға жеңілдіктер бар.
Фото: F16.kz/ жасанды интеллект




