Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:05, 06 май 2025
Жаналықтар / Білім мен ілім

Шығысқазақстандық ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Салтанатты жиынға қатысып, марапатталғандар қатарында өскемендік ұстаз, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Сеилгумар Жайлаубаев бар. Ол «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды. 

Сейілғұмар Жайлаубаев - 47 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Ол бұған дейін «Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері», «ҚР Қарулы күштеріне 10 жыл», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы және «Бауыржан Момышұлы» медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ бірнеше қалалық және облыстық деңгейдегі әскери-патриоттық, зияткерлік жарыстардың жүлдегері атанған. 

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)