Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:46, 06 май 2025
Жаналықтар / Самар

Тыл ардагеріне мерейтойлық медаль табысталды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына барған жұмыс сапары аясында тыл ардагері Курме Жетеневаға Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін табыстады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Курме Жетенева 1926 жылы 15 желтоқсанда Катонқарағай ауданына қарасты Коробиха ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін тракторда механизатор болып еңбек еткен. Ол «Ана даңқы» орденімен марапатталған, жұбайы Зарлықан екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған.

Нұрымбет Сақтағанов Курме Жетеневаны Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, соғыстың аяқталуына қосқан жанқиярлық үлесін атап өтті. Сондай-ақ ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)