Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:19, 14 май 2025
Жаналықтар / Білім мен ілім

ШҚО-да экология тақырыбында сурет байқауы жарияланды

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен оқушылар арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық балалар сурет байқауы жарияланды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 1-11-ші сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.

Мұндай форматтағы іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық білімін арттыруға, планетамыздың табиғи ресурстары мен биоәртүрлілігін сақтауға, ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, сондай-ақ экологиялық іс-шараларға қатысуға қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар.

«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық сурет байқауына жұмыстар 28 мамырға дейін қабылданады. Өтінімдер мен балалар щығармасын Өскемен қаласы Н. Назарбаев даңғылы, 4 мекенжайына өткізу керек.

Толығырақ ақпарат алу үшін жауапты орындаушыға 8-777-390-00-47 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе жұмыс уақытында ШҚО бойынша экология департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жеке хабарламалар арқылы хабарласуға болады.

Фото: ШҚО бойынша экология департаменті 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)